Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Есіл қ. №3 07.02.2023 ж.
Төрағалық етті: Е. Е. Баяхметов-Есіл ауданының әкімі.
Қатысқандар: Максұмхан А.М.- Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Садвоқасов И.С.-"Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, Югай Р.В.- Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданының филиалы директоры, Рахметов У.С.,-"Шаңырақ Р" ЖШС директоры, Иргибаев Н.Т., -"Назгүл" шаруа қожалығының басшысы, Мұқанов Т.Т. -"Мұқанов Т.Т." шаруа қожалығының басшысы.
Есіл ауданының аумағында болмауына байланысты қатыспағандар: Т.А. Әділбаев - "КТ Есіл-2030" ЖШС басқарма төрағасы, О. Т. Ахметов - "Есіл-Ман" ЖШС директоры, А.Ж. Жорабек -"Заречный"ЖШС бас инженері.
Комиссияға операторлардың өкілдері қатысты: Фирма "Каз-Шер и компания" ЖШС сенім хаты бойынша бойынша С.И. Холодная, "Petro Retail" ЖШС филиалы сенімхат бойынша Ю.В. Химшиашвили, "Жалтыр-Тас" ЖШС сенімхат бойынша К. С. Әлмағамбетов.
Комиссияға қатысқан операторлардың әрбір өкіліне өз компаниясын таныстыру мүмкіндігі берілді.
Күн тәртібі:
Есіл ауданының әкімі, Комиссия төрағасы Е.Е.Баяхметов - комиссияны күн тәртібімен таныстырды.
Комиссия хатшысы И.С.Садвокасов комиссия мүшелерін операторлардан келіп түскен өтінімдермен таныстырды.
Комиссияда Фирма "Каз-Шер и компания" ЖШС , "Petro Retail" ЖШС филиалы, "Жалтыр-Тас"ЖШС өтінімдері қаралды.
Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданды:
Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен өтінімдерді ескере отырып, олардың мүдделерін сақтау мақсатында, оның ішінде ұсынылған өтінімдерде көрсетілген дизель отынын тиеп-жөнелтудің тиімді орнын негізге ала отырып, мынадай операторлар, сондай-ақ дизель отынының көлемі айқындалсын:-" Фирма "Каз-Шер и компания" ЖШС - 5330 тонна, "Жалтыр-Тас" ЖШС - 1560 тонна. "Petro Retail" ЖШС филиалы-1040 тонна.
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына оператор ретінде Фирма "Каз-Шер и компания" ЖШС және "Компания" дауыс берді " Е.Е. Баяхметов, А. М. Максұмхан, У.С. Рахметов, Р. В. Югай, Н. Т. Иргибаев, Т. Т. Мұқанов (бір ауыздан)
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына оператор ретінде "Жалтыр - Тас" ЖШС таңдап, "қолдап" дауыс берді Е. Е. Баяхметов, А. М. Максұмхан, У.С. Рахметов, Р. В. Югай, Н.Т. Иргибаев, Т.Т. Мұқанов (бір ауыздан)
"Petro Retail" ЖШС филиалы 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына оператор ретінде , "қолдап" дауыс берді - Баяхметов Е.Е., Максұмхан А.М., Рахметов У.С., Югай Р. В., Иргибаев Н. Т., Мұқанов Т. Т. (бір ауыздан)
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына Есіл ауданы бойынша оператор ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан мәлімделген дизель отынының көлемі бар үш компанияны таңдау: Фирма "Каз-Шер и компания" ЖШС - 5330 тонна, "Жалтыр-Тас" ЖШС - 1560 тонна. "Petro Retail" ЖШС филиалы-1040 тонна.