ҚАУЛЫ Есіл аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 45/50

Есіл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Есіл аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Есіл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және Есіл-инфо газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАУЛЫ Есіл аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 45/50
Дата публикации
21 января 2023