«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Есіл аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 50 «Есіл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Есіл аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
- Есіл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Есіл аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Есіл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және Есіл-инфо газеттерінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.