«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 11 бір мандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.
- Қаулы Есіл аудандық мәслихатқа жіберілсін.
- Осы қаулы Есіл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және Есіл-инфо газеттерінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.