Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша хабарлама

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 25 қыркүйекте Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің бір сайлау округінен сайлауы бойынша өтті.

Есіл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Двуречный сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1188 азамат енгізілді, олардың 967-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 26, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 50.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Енсебаев М.Е. – 25; Жұмасұлтанов А.Ж. – 154; Мусин К.С. – 712.

Двуречный ауылдық округінің әкімі болып Мусин Қайрат Сұлтанұлы сайланды, 1963 жылы туған, Двуречный ауылдық округінің әкімі, Двуречный ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша хабарлама
Дата публикации
26 сентября 2022