Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Есіл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. 1. Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1994 жылы туған «Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Есіл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жұмасұлтанов Ақжан Жаңабайұлы тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1971 жылы туған, Есіл ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бас инспекторы, Есіл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Еңсебаев Марат Елемесұлы тіркелсін.
  3. Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1963 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Двуречное ауылында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Мусин Қайрат Сұлтанұлы тіркелсін.

 

Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
15 сентября 2022