Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті келіп түсетін өтініштердің көп болуына байланысты құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында Ақпараттық қызмет құру жоспарлап отыр

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті келіп түсетін өтініштердің көп болуына байланысты құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында Ақпараттық қызмет құру жоспарлап отыр. Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) консультациялық қызметтер көрсетеді. Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50, тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59, кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86 (Нұр-Сұлтан қаласын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу ақылы).

Дата публикации
13 сентября 2022