Ақмола облысы
Есіл аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 25 қыркүйекке тағайындалған Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Есіл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Есіл инфо» газетінде жариялансын.