«KTTelecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнату туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінде және бос жерлерінде қоғамдық қызығушылық пікірлерін ескере отырып, «KTTelecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 жыл мерзімге қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасынасәйкес орнатылсын.
  2. «KTTelecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Есіл ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне және бос жерлеріне кейіннен қалпына келтіруді жүргізсін.
  3. «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

         2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.М. Мақсұмханға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«KTTelecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут орнату туралы
Дата публикации
16 августа 2022