2021 жылғы 25 шілдеде Есіл ауданының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау сегіз сайлау округі бойынша өтті.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Есіл ауданы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Юбилейный сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 448 азамат енгізілді, олардың 447-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 15.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұмасұлтанов А.Ж. – 4; Колос В.И. – 372; Нуртдинова В.А. – 37.
Юбилейный ауылдық округінің әкімі болып Колос Виктор Иванович сайланды, 1966 жылы туған, Юбилейный ауылдық округінің әкімі, Юбилейный ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.