Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ММ атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жалғасатын объектілер

2021 жылы басталған, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, «Солтүстік» ш/а 6 мекенжайында орналасқан 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 2022 жылы жалғасуда.  Аталған тұрғын үйді пайдалануға енгізу 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.

Бас мердігер - «G5 Vaintenance Services Company » ЖШС Қарағанды қ.

Шарт сомасы - 432881850.61 теңге

Технадзор - «Алау Эксперт Инжиниринг» ЖШС Уральск қ.

Авторлық қадағалау - «Дизайн Центр» ЖШС Көкшетау қ.

Сондай-ақ 2021 жылы басталған Ақсай ауылының сумен жабдықтау жүйесінің қайта құрылуы ағымдағы 2022 жылы жалғасуда. Нысанды пайдалануға енгізу және жобалық қуаттылығына шығару 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.

Бас мердігер - « Колсай Строй» ЖШС Алматы қ.

Шарт сомасы - 632910006.0 теңге

Технадзор - «Алау Эксперт Инжиринг» ЖШС Уральск қ., шарт сомасы-7460164,8 теңге.

Авторлық қадағалау - «КазГрандСервис» ЖШС Алматы обл. Тұздыбастау ауылы, шарт сомасы-2578822,40 теңге.

2022 жылдың сәуір айында Красивое ауылының және Знаменка ауылының сумен жабдықтау жүйелерін қайта құруға ЖСҚ әзірлеу аяқталды, сол сәуір айында 2023 жылы осы жобаларды қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер дайындалды және жіберілді.

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру (2022 жылы 174 қызмет көрсетілген);

- объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (2022 жылы 5 қызмет көрсетілді);

- құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (2022 жылы 10 қызмет көрсетілген);

- эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу (2022 жылы 7 қызмет көрсетілген);

- үлескерлерді тартуға рұқсат беру;

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру.

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2022 жылы барлығы 196 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2022 жылы іске асырылатын жобалар

- Заречное ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және нысанды пайдалануға енгізу 2022 жылдың желтоқсан айында жоспарланған.

- Игілік ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта құру нысанды аяқтау және пайдалануға енгізу 2022 жылдың желтоқсан айында жоспарланған.

Бас мердігер - «Монолит» ЖШС Алматы қ.

Шарт сомасы - 398622153.60 теңге

Технадзор «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС Атырау облысы, Махамбет ауылы , келісім шарт сомасы-4617307,30 теңге.

Авторлық қадағалау - «Гражданпроект ЗИ» ЖШС Талдықорған қ., келісім шарт сомасы - 1773451,68 теңге.

 

«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы Солтүстік шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 45 пәтерлі төрт тұрғын үйге инженерлік желілер салу және абаттандыру» (сыртқы электрмен жабдықтау желілері)» нысанды пайдалануға енгізу 2022 жылдың қазан айында жоспарланған.

Бас мердігер – «Инженер Строй Класс» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласы

Шарт сомасы - 64913500,1 теңге.

Технадзор – «Аймереке» ЖШС, Нұр-Сұлтан қ., шарт сомасы-1992502,51 теңге.

Авторлық қадағалау – «Көкше-Құрылыс - Р» ЖШС, Көкшетау қ., шарт сомасы - 765296,0 теңге.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы Солтүстік шағын ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 45 пәтерлі төрт тұрғын үйге инженерлік желілер салу және абаттандыру» (сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау желілері)».

Бас мердігер – «Қуандық и К» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласы

Шарт сомасы - 71638702,95 теңге.

Технадзор - «Аймереке» ЖШС, шарт сомасы - 740930,83 теңге.

Авторлық қадағалау - «Көкше-Құрылыс-Р», Көкшетау қ., шарт сомасы-843583,04 теңге.

Нысанды пайдалануға енгізу 2022 жылдың қазан айында жоспарланған.

- «Есіл қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы», құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты сметалық бөлікке түзету жүргізілді және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынды (11.05.2022 ж. №ЕС-0001/22 қорытындысы), сметалық құны 728779,8 мың теңгені құрайды, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру сомасы (10% - 72878,0 мың теңге).

2022 жылғы 12 мамырда бюджеттік өтінім ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жіберілді.

Бас мердігер - «ГарантСтройАстана»  ЖШС Нұр-Сұлтан қаласы

Бас жобалаушы - «Рудстрой LTD» ЖШС Ақтөбе қаласы

Информация о проделанной работе ГУ "Отдел строительства и градостроительства Есильского района"
Дата публикации
25 июля 2022