Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Есіл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. 1. Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейное ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1994 жылы туған «Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Есіл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Жұмасұлтанов Ақжан Жаңабайұлы тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейное ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1966 жылы туған Юбилейный ауылдық округінің әкімі, Юбилейное ауылында тұратын, «Amanat» партиясы қоғамдық бірлестігінің Есіл аумақтық филиалымен ұсынылған Колос Виктор Иванович тіркелсін.
  3. Ақмола облысы Есіл ауданы Юбилейное ауылдық округіне әкімдікке кандидат болып, 1991 жылы туған, «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі, Есіл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Нуртдинова Вера Андреевна тіркелсін.
Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
20 июля 2022