ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАРНАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТIЛ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. 21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мəзірлері, нұсқағыштар жəне басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде жəне (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.
Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мəлiметтер көрсетiлген тауарлық
жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы
ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi жəне орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мəтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi əрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мəтiндерi қосымша басқа да.
ЖАРНАМА ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз
басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс тілінде жəне (немесе) басқа тілдерде де таратылады. Жарнама мазмұнының аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Жарнама мəтіні "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес келуге тиіс.
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.
24-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының)міндеттері
Сатушы (дайындаушы, орындаушы):
1) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы,
орындаушы) туралы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан
Талаптарды орындауда мұқият болуларыңызды сұраймыз. Сұрақтар бойынша «Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не хабарласуға болады 21-9-45