Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай көрсеткіштер белгіленеді:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері-19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-46 302 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай – ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш- 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.