Есіл аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Есіл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Есіл инфо» газетінде жариялансын.
Есіл аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
04 июля 2022