«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Есіл ауданының Юбилейный ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Юбилейный ауылдық округінің шекарасындағы Юбилейный сайлау округі.
2.Сайлау округінің шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Есіл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Есіл инфо» газетінде жариялансын.