2022-2024 жылдарға арналған Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің азаматтық бюджеті

Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында.

Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 77-VII Заңымен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 303 теңге;

4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

  5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн қолданылатын ең төменгi күнкөрiс деңгейi –36 018 теңге.

 

2022-2024 жылдарға арналған Есіл ауданы Юбилейный ауылдық округінің азаматтық бюджеті
Дата публикации
28 июня 2022