Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру, бекіту, нақтылау) сатысында
1.1. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері- 60 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 19 450 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері- 46 302 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш- 3 063 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.
1.2. Орловка ауылы бюджетінің түсімдері мен шығыстары
Ауыл бюджеті Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 «Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімімен бекітілген.