Ақмола облысы Жаныспай ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №77-VIІ Заңымен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 19 450 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге;

4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

  5) Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн қолданылатын ең төменгi күнкөрiс деңгейi – 36 018 теңге.

Жаныспай ауылдық округі бюджетінің түсімдері мен шығыстары 

Ауылдық округтің бюджеті «Есіл қаласының, Красногорск кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2022–2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 шешімімен бекітілді.

Ақмола облысы Жаныспай ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Дата публикации
22 апреля 2022