Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

Есіл қ.                                          № ____                               2022 жыл ___________

Мемлекеттік тұрғын үй

қорынан тұрғын үйді

пайдаланғаны үшін төлемақы

мөлшерін белгілеу туралы

        «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының    97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Б.Ж. Қасеновке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Дата публикации
18 февраля 2022