«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға

ішкі конкурс

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6,  анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және  т.б.) 5 Мб аспауы қажет))Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты «Е-R-4» (№ 27-07), 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ауданның жылу, энергиямен қамту объектілерін есепке қоюды ұйымдастыру. Жылу, энергиямен қамту объектілерін жөндеу, ұстау және пайдалану жөнінде орындалған жұмыстардың сапасын бақылау және  қабылдауға қатысу. Жылу және энергиямен қамту объектілерінің техникалық және  пайдалану жағдайын зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жылу беру маусымына тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектілерін, кәсіпорындардың, бюджеттік сала ұйымдардың дайындығы бойынша комиссия отырысына материалдарды дайындау. Конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу. Сатып алынатын жұмыстар, тауарлар, қызметтерге техникалық ерекшеліктерді әзірлеу. Жұмысшы, қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу. Маусымдық шараларды әзірлеу және ақпараттарды жинақтау. Ауданның жылу, энергиямен қамту қызметтері саласында нарық қызметін қалыптастыруға қатысу. Жылу беру маусымы және байланыс қызметтері бойынша ақпарат дайындау.  Е-лицензиялау  ақпараттық бағдарламасында ағаштарды кесуге рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және Е-лицензиялау ақпараттық бағдарламасында энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру.  Ақпараттық бағдарламада жеке және заңды тұлғалардың сатып алған өтініштерін бақылауды жүзеге асыру. Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты енгізілген бағдарламалық құралдар мен ақпараттық процестерді сүйемелдеу, зерттеу және пысықтау.

Қолданыстағы заңнамалар шеңберіндегі бөлім басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.                                                        А функционалдық блогы, лауазым деңгейі 4.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар  (мұнай-газ ісі немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс немесе автоматтандыру және басқару немесе машина құрылысы немесе  қоршаған ортаны қорғау  және тіршілікті қамтамасыз ету қауіпсіздігі саласында немесе көлік құрылыс немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе құқық (құқықтану)  немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ақпараттық жүйелер) саласында, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдын әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.                Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде Уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей. Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

 

________ _______________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

ФОТО

(түрлі түсті/ цвет- ное,

3х4)

 

 

 

лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии)

 

 

 

 

 

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

 

 

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

 

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

 

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

 

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

 

 

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

 

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

 

 

8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

 

 

10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (запол- няется государственными служащими)

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

 

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место ра- боты, местонахожде- ние организации

 

 

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

 

күні / дата

 

 

* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
08 февраля 2022