Заречный ауылдық округінің әкімі Ю.Н.Корнның Заречный ауылдық округінің 2021 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған даму келешегі туралы есебі.

Заречный ауылдық округінің әкімі Ю.Н.Корнның Заречный ауылдық округінің 2021 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған даму келешегі туралы есебі.

Қайырлы күн, құрметті жерлестер!

2022 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Заречный ауылдық округінде - 967 адам тұрып жатыр, оның ішінде Заречный ауылында - 878, Дальный ауылында-89.

Есептік кезеңде 9 сәби дүниеге келді, 19 адам өмірден өтті. Заречный ауылына тұрақты тұру үшін 12 адам көшіп келді, ал көшіп кеткендер саны - 66 адам.

         Округте барлығы – 465 ер азамат, 502 – әйел бар. 16 жасқа дейінгі балалар саны – 232, 16 жастан 30 жасқа дейінгі жастар – 143 адам, 30 жастан зейнет жасына дейінгі халықтың саны – 445, зейнеткерлер–147 адам, мүмкіндігі шектеулі жандар – 21 адам.

         Округте 11 ұлттың өкілі тұрып жатыр: қазақтар – 98, орыстар – 394, украиндар – 207, немістер – 186, белорустер – 44 және басқа ұлттардың өкілдері – 38.

Округте экономикалық белсенді халықтың саны 530 адамды құрайды. Оның ішінде жалдамалы қызметте жұмыспен қамтылғандар сан – 438, жұмыс берушілер – 7, жеке кәсіпкерлер – 18, жеке қосалқы шаруашылығында  жұмыс істейтіндер саны – 67.

Жалақы бойынша қарыз жоқ.

Білім

Округте орыс тілінде оқытатын Заречный ОМ (11 сынып) жұмыс істейді, оқушылар саны – 170 адам. Педагогикалық ұжым 23 мұғалімнен құралған:

Оның ішінде 1 – жоғары санатты, 3 – бірінші санатты, 1 – екінші санатты мұғалімдер, 6 ұстаздың санаты жоқ, 4 – сарапшы педагог, 6 – модератор  педагог, 1- зерттеуші педагог.

         «Айналайын» балабақшасы 100 орынға арналған. Тәрбиеленушілер саны – 58. Педагогикалық құрам: 9 педагог, оның 1 – жоғары санатты, 8 – орта арнаулы білімді, 1 – екінші санатты, 2 – модератор педагог.

         2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақша жұмысы мен мектептегі оқыту үдерісі карантин талаптарын сақтай отырып штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

Жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек

Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аясында округте 3 адам жастар тәжірибесінен өтті, тәжірибе аяқталған соң олар «Кукса Д.В.» ЖК және «Айналайын» бөбек – балабақшасына жұмысқа тұрды.

2021 жылы округ аумағында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарға 26 адам жұмысқа орналасты. «Еңбек» порталында еңбек келісімшарттарын тіркеу тұрақты түрде жүргізіледі.  

2021 жылы Атаулы әлеуметтік көмек 4 отбасыға ( 11 адам, оның 7 – і балалар) көрсетілді. Қиын өмір жағдайынан шығуына байланысты 2 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды, 1 желтоқсаннан бастап АӘК алатын 2 отбасы ғана қалды. 1 қаңтардан бастап АӘК алушыларға төленген сома – 1 436 986 теңгені құрайды. Азық – түлік және гигиеналық жиынтықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер

2021 жылы ауылдық округ әкімі аппаратымен 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 3 қызмет – сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, 3 – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. 1 – бұған дейін жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесін жеке меншікке сату. «E-gov» бұрышы арқылы 75 электрондық қызмет көрсетілді

Ауылдық округ әкімінің аппаратында нотариаттық іс – әрекеттерді жасау ұйымдастырылған. 2021 жылдыңесептік кезеңінде 28 нотариаттық іс – әрекет көрсетілді: 26 – сенімхаттар беру, 2 – құжаттар көшірмесінің дұрыстығын куәләндыру.  

2021 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына 1 азамат өтініш білдірді, өтінім жеке қабылдау кезінде келіп түсті.  Бұл мәселе бойынша түсініктеме берілді. Жеке қабылдау кезінде келіп түскен мәселелерді түсіндіруге және қабылданған шешімдерге байланысты шағымдар түскен жоқ.

Әскери есеп

«Міндетті әскери міндеттілік туралы» Заңды орындау шеңберінде ауылдық округ әкімі аппаратымен 2021 жылы Есіл және Жарқайың ауданының қорғаныс істері бөліміне тіркеу учаскесіне тіркеу үшін 5 жасөспірім, көктемгі және күзгі әскерге шақыру комиссиясына – 6 әскерге шақырылушы жеткізілді. Оның ішінде 2 әскерге шақырылушы қарулы күштер қатарына алынды, 2 әскерге шақырылушы денсаулығына байланысты босатылды, 1 әскерге шақырылушыға жас мөлшерінің жетуіне байланысты әскери билет жазбасы берілді. 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы шеңберінде округте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Заречный» ЖШС – мен 20 меморандумға қол қойылды: Ауылдық округтің әлеуметтік саласына бағытталған демеушілік көмектің жалпы сомасы 48 000 000 теңгені құрады. 

Бұл қаражат азық – түлік өнімдерін арзандатуға (округте 800 грамм бір бөлке нанның бағасы 40 теңге), сумен тегін қамтамасыз етуге, су құбырларын жөндеуге, Заречный ауылынан Знаменка ауылына дейінгі аудандық маңыздағы жолды және ауыл ішіндегі жолдарды тегістеуге және қиыршық құм төсеуге, Дальный ауылынан қатынайтын оқушыларды мектепке тегін жеткізуге, Заречный орта мектебінің оқушылары мен ұстаздарын тегін ыстық тамақпен қамтуға бағытталды.  

«Айналайын» бөбек – балабақшасында балалардың болғаны үшін жүргізілетін төлем 50% арзандатылды, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізуге, ауылдық округ спортшыларының барлық деңгейдегі спорттық сайыстарға қатысуын қамтамасыз етуге және спорттық шараларды өткізуге, жедел жәрдем көліктерін жөндеу және күтіп ұстауға, жүргізушілердің жалақысын төлеуге демеушілік көмек көрсетілді.

Халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау аясында 1946 жылға дейінгі кезеңде дүниеге келген 43 «Соғыс балаларына» азық – түлік сөмкелері және Жеңістің 76 жылдық мерейтойына олардың әрқайсысына 50 мың теңге сомасында сыйақы берілді. 

Қарттар мен мүгедектерді қолдау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. Биыл дәстүрлі түрде осы санаттағы адамдарға қолдау көрсету айлығы аясында мерекенің құрметіне округтегі барлық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ақшалай сыйлық берілді және аудандық газетке тегін жазылды.

Жергілікті өзін – өзі басқару

2021 жылы 4070258,26 мың теңге сомасында салық түсті, түсімдер жоспары 3007,0 мың теңге болатын.  

ЖТС (жеке табыс салығы) – 97,1 мың теңге, заңды тұлғалардан көлік құралдарына алынатын салық – 915,6 мың теңге, жер салығы – 654,8 мың теңге және мүлік салығы – 106,2 мың теңге, жеке тұлғалардан көлік салығы-2296,6 мың теңге.

         Салықтық емес түсімдер: 3 378,8 мың теңге – 2020 жылдан қалған қалдық.

6385,8 мың теңге жұмсалды, оның ішінде жарықтандыру желісі бойынша қызметтерді төлеу және тіректерді жалға алу үшін – 563,0 мың теңге, 362,5 мың теңге сомасына жас көшеттер (25 түп) сатып алуға, 780 мың теңге орындықтар (12 дана) сатып алуға, 300 мың теңге урналар (12 дана) сатып алуға, 4380,3 мың теңге ауылдық округ аумағынан қоқыстарды шығаруға жұмсалды.

          Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы: 2022 жылдың 1 қаңтарына ІМҚ – 1039 бас, оның ішінде аналық малдың басы – 543, шошқа –  1648 бас, жылқы – 461 бас, ұсақ мал – 805 бас және құс – 7398 бас. Тұрғындар үшін ІҚМ бағу тегін ұйымдастырылды.

2022 жылға «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша Заречный ауылында тірек елдімекен ретінде суқұбырының құрылысы басталатын болады.      

 

Вакцинация

Ауылдық округ тұрғындарын вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 576 адам вакцинациядан өтті, бұл ауылдық округ тұрғындарының 60% құрайды, 170 адам ревакцинациядан өтті.

Елде қалыптасқан ахуалға байланысты 2021 жыл да барлық адамдар үшін оңайға соққан жоқ. Бірақ Заречный ауылдық округі тұрғындарының үйлесімді жұмысының арқасында округте жұмыс орындарының қысқаруына жол берілген жоқ, округ тұрғындарын көмірмен, ағашпен, жем – шөппен қамтамасыз ету жұмыстары қалыпты жағдайда жүргізілді. Осы тұста «Заречный» ЖШС директоры Арипов Уалихан Сапиұлына біздің ауылдық округті көркейтуге және әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға қосқан қомақты үлесі үшін зор алғыс білдіреміз.

Құрметті жерлестер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды». Дана халқымыз «Бірлік бар жерде бақыт бар» деп бекер айтпаған ғой. Біздің күшіміз бірлікте! Біз бәріміз жұдырықтай жұмылып, еліміздің игілігі үшін еңбек етуіміз керек. Біздің қасиетті Отанымыз мәңгілік жасасын!

  

Назарларыңызға рахмет!

Құрметті есеп беру кездесуінің қатысушылары, Сіз өз сұрағыңызды түсініктемеде жаза отырып, сондай-ақ оны ватсап арқылы 87023424423 нөміріне жібере отырып немесе 26474 жұмыс нөміріне қоңырау шалып, жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Заречный ауылдық округінің әкімі Ю.Н.Корнның Заречный ауылдық округінің 2021 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған даму келешегі туралы есебі.
Дата публикации
01 февраля 2022