«Ақмола облысы Есіл ауданы әкіміаппараты» ММ Сіздің назарыңызға 2022 жылғы 1-20 ақпан аралығында Есіл ауданы бойынша 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына кепілдендірілген дизель отынын жеткізу бойынша операторлардан өтінімдер қабылдайтындығын жеткізеді.

2022 жылғы 23 ақпанда ұсынылған өтінімдерді Есіл ауданының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі комиссия қарайтын болады.

Әлеуетті учаскелер операторлар мынадай талаптарға сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады:

1) салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

2) мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы;;

3) мүлікке ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;

4) бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екені туралы үзінді көшірме не Екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты;

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтау және босату үшін мұнай базаларының болуы;

6) қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;

7) әлеуетті Оператор «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы ақпаратты күн сайын ұсынуға міндетті;

8) дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім хат.

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкіміаппараты» ММ Сіздің назарыңызға 2022 жылғы 1-20 ақпан аралығында Есіл ауданы бойынша 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарына кепілдендірілген дизель отынын жеткізу бойынша операторлардан өтінімдер қабылдайтындығын жеткізеді.
Дата публикации
01 февраля 2022