Есіл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 26 қарашадағы № 15/3
«Есіл ауданының жер салығының
мөлшерлемелерін және тұрғын
үй қоры, соның ішінде оның
жанындағы құрылыстар
мен құрылысжайлар алып
жатқан жерлерге базалық салықтық
мөлшерлемелерін жоғарылату
(төмендету) туралы» шешіміне
өзгерісті енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Есіл ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Есіл ауданының жер салығының мөлшерлемелері төмендетілсін немесе жоғарылатылсын.»;
«2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданының тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері төмендетілсін немесе жоғарылатылсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Есіл ауданы бойынша тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелері».