Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты ММ азаматтық бюджеті

Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының   әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері 

Есіл қаласы – Амола облысы, Есіл ауданының әкімшілік орталығы, халық саны 10952 адам. Қаланың экономикалық құрлымында өңдеуші өнеркәсібі басым.

Негізгі салалары өңдеу өнеркәсібі болып табылады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру, олар мынадай кәсіпорындар: «Есіл Дэн» ЖШС - астықты қабылдау, «Дамир ЖШС», «Есіл МТК ЖШС» - сүт өңдеу.

Жоғарыда аталған кәсіпорындардан басқа қалада құрлыс саласының кәсіпорындары жұмыс істейді: «Иран» ЖШС - темір бетон бұйымдарын өндіру, көмірді сақтау және үйіп қою, құрылыс; «Мираш – Н» ЖШС - асфальт-бетон қоспасын өндіру, автомобиль жолдарын жөндеу.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 2 кәсіпорын («Ақсу-Есиль» ЖШС, ШЖҚ МКК «Есіл қалалық коммуналдық шаруашылығы»), машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету, жүктерді жеткізу саласында – 1 кәсіпорын («УМС» ЖШС)

Мемлекеттік басқарудың дамуы

Көрсетілетін қызметті алушыларға барлық қажетті жағдайлар сақталған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушылар үшін де. Ғимарат алдында қатты асфальт-бетон жабыны, тұрақ дүңгершіктерімен, қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілген демалыс орындары бар. Ғимаратқа кіре берісте басып шақыру түймесімен пандус орналасқан.  Пандусқа өту ашық, ешқандай кедергілер жоқ, шақыру түймесі жұмыс істейді. Қызмет көрсетуші кабинетінің жай- күйі қанағаттанарлық жағдайда. Барлық кабинеттер мен дәліздерде қуаты 28-32 Вт жарықдионды офистік үлгідегі шамдар орнатылған.

Дене шынықтыру мен спорттың дамуы

 Қазіргі жағдай көрсеткендей,көп адамдар санына байланысты атап айтқанда, жастар салауатты өмір салтын ұстануды жөн көреді. Спорт саласында, Есіл қаласында қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 1 Орталық стадион, 9 спорт алаңдары, 2 мини-футболдық алаңдар, 7 балалардың спорттық-сауықтыру алаңдары, хоккей корты, стрит-воркаут алаңы, баскетбол алаңы, көше сауықтыру тренажерлар алаңы.

Келешекте демалу және жеке даму үшін қала азаматтарын, атап айтқанда жастардың жағдайын қамтамасыз ету қажет. Аула спорт алаңдарының саны мен сапасын тұрақты өсіру жүргізіледі.

  Қалалық бюджеттің түсімдері және шығыстары

 

Түсімдер

 

2022 жылға қалалық бюджетке түсетін түсімдердің мөлшері 179188,0 мың теңге сомасында жоспарланған.

                                                                                                               мың теңге

 

Түсімдер

2022 жылы

бекітілген  жоспар

2023 жыл

болжам

2024 жыл

болжам

Барлығы

179188

141973

146113

Салықтық түсімдер, оның ішінде:

 

74346

130909

134716

Жеке табыс салығы

11975

42938

44295

 

Меншікке салынатын салықтар

 

1368

1401

1432

Жер салығы

16740

17219

17809

Көлік құралдарына салынатын салық

37629

35836

37869

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

4640

31462

31197

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін  алынатын алымдар

1994

2053

2114

Салықтық емес түсімдер, оның ішінде:

46

48

50

Басқа да салықтық емес түсімдер

 

46

48

50

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

10696

11016

11347

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

94100

0

0

              

             Бюджеттің негізгі бөлігі мүліктік салықтан түскен табыстар - жалпы кірістердің 75 % -ы.

            Салықтық емес түсімдер 46,0 мың теңге мөлшерінде бекітілді.

Қалалық бюджеттің шығыстары

 

             2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстары саясатының негізгі басымдықтары қаладағы экономиканы дамытудың тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасай отырып, мемлекет кепілденген міндеттемелер мен азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін қолдау болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін шығындардың негізгі бөлігі қарастырылған.

 

2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеттің шығыстары бекітілген бюджет



Функционалдық топтар бойынша

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

Барлығы

 

179188

141973

146113

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

33769

31700

31700

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

74581

92067

96207

көлік және байланыс

70838

18206

18206

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

               Есіл қаласы әкімінің аппараты бойынша 74581,0 мың теңге шығындар қарастырылған: көшелерді жарықтандыруға 10440,0 мың теңге сомасында, жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеуге 250,0 мың теңге сомасында, абаттандыру және көгалдандыруға 63981,0 мың теңге сомасында.

               2022 жылы, келесі жылдарда Есіл қаласының аумағында іске асырылуымен келесі шаралар кешенін ұйымдастыру жоспарланып отыр:

  1. Қаланың көлік желісінің сапасын арттыру: көше-жол желісін жөндеу және тротуар жолдарын салу.
  2. Есіл қаласының тұрғындарын, демалыс және дене дамуы үшін жағдай жасау: балалар спортын және сауықтыру алаңдарын жөндеу және жабдықтау.
  3. Жақсартуға бағытталған кешенді шараларды қолдану арқылы «жайлы қалалық орта» құру:

                         -көп пәтерлі үйлердің, әкімшілік ғимараттар мен шаруашылық нысандарының қасбеттерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

                         -рекреациялық жасыл аймақтарды құру;

                         -қала  алаңдарын ұйымдастыру;

                         -қолданыстағы көше жарығын жұмыс жағдайында ұстау және қала учаскелерінде қосымша жарықтандыру орнату жолымен көше жарығын жайластыру;

                 - қоқысқа арналған металл контейнерлерді дайындау және орнату.

Көлік және байланыс

               Бюджеттік шығындардың негізгі бағыттары Есіл қаласының жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұстау болып табылады.

               Қалада автомобиль жолдарын реконструкциялаудың өткір мәселелері тұр, өйткені автомобиль жолдарының 70% тозған. Есіл қаласындағы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 70838,0 мың теңге сомасында қарастырылған.

Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты ММ азаматтық бюджеті
Дата публикации
25 января 2022