Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және 6-тармағына, «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес:
- Кейбір объектілерге жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топ осы өкімнің 1-қосымшасына сәйкес құрамда құрылсын.
- Кейбір объектілерге жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтың қоса беріліп отырған жұмыс кестесі бекітілсін.
- Есіл ауданы әкімінің кейбір өкімдері осы өкімнің 2-қосымшасына сәйкес жойылсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Н.М. Саматовқа жүктелсін.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.