Есіл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 2 ақпандағы № 24/5
«Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес Есіл
ауданының шекарасындағы
пайдаланылмайтын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін арттыру туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2 - тармағына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Есіл аудандық мәслихатының «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Есіл ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 24/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6411 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.