Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы
әкімдігінің 2021 жылғы 22
желтоқсандағы № а-12/275
қаулысы. Қазақстан
Республикасының Әділет
министрлігінде
2021 жылғы 23желтоқсанда
№ 25960 болып тіркелді

Есіл ауданында стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Есіл ауданы әкімінің қадағалау орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Есіл ауданының әкімі Е. Баяхметов

2

Есіл аудвны әкімдігінің 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № а-12/275 қаулысына қосымша

 

Есіл ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№ Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары Қызмет саласы Алатын алаңы Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі Жақын орналасқан инфрақұрылым
1 Есіл қаласы, Төле би көшесі 11, Рысбек Мырзашев көшесіндегі № 48 үй аумағында Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 5 шаршы метрден12 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
2 Есіл қаласы,Абылай хан көшесі, 13 және 15 үйдің арасында Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар 5 шаршы метрден5 орын 5 жыл ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
Дата публикации
10 января 2022