«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс: 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz(электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және  т.б.) 5 Мб аспауы қажет))«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Ақмола облысы Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй инспекциясы секторының жетекші маманы, «Е-R-5» санаты (№ 25-03), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан тұрғындарына тұрғын үй қоры объектілерін техникалық пайдалану саласындағы қолданыстағы нормаларды, қағидаларды және жауапкершілікті түсіндіру, ауданның тұрғын үй инспекциясының жұмысында жариялылықты қамтамасыз ету. Тұрғын үй қоры саласында ақпарат жинау.

Тұрғын үй иелерін басқарудың қабылданған нысандары бойынша деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу. Тұрғын үй қорының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар бойынша ақпаратты жинау және өңдеу.

Ақпарат жинау, әкімдік мәжілістеріне және облыстық басқармаларға құжаттама дайындау. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

В функционалдық блогы лауазым деңгейі 3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау логистика (салалар бойынша) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық (құқықтану) немесе әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі).

"Назарбаев Университеті"," Назарбаев Зияткерлік мектептері "және" Назарбаев Қоры "мәртебесі туралы" Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымындағы не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарындағы осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың(қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмейЕсіл ауданы әкімі аппаратыныңперсоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

_______________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________

 

________ _______________________________________

(қолы)        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

_______________________________________
(жекесәйкестендірунөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері /
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша) /
Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылықжағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

6.

Шетелтілдерінбілуі /
Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

8.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

10.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /
должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения

 

 

     

 

     
 

_____________________
Кандидаттыңқолы /
Подпись кандидата

_______________
күні / дата

           

* Ескертпе: қызметтіктізімдеәрбіратқаратынлауазымбөлекжолдатолтырылады

«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс
Дата публикации
29 декабря 2021