Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

Есіл қ.                                     № а-10/                       2019 жыл «___» қазан

«Есіл ауданының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес ретке келтіру мақсатында, Есіл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. «Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Есіл ауданының әділет басқармасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені қайта тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Х.Мұсабаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің "Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы
Дата публикации
08 декабря 2021