Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ереже (бұдан әрi - Тұрғын үй комиссиясы) Есіл ауданы әкімдігінің жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелерi бойынша шешiм шығаруға өкiлеттi, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады.
- Есіл ауданының әкімдігі уәкiлеттi орган болып табылады.
- Тұрғын үй комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекiту туралы»,2012 жылғы 26 маусымдағы №856 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықты актілерін басшылыққа алып отырады.
- Тұрғын үй комиссиясы дауыс беру құқығы бар тақ санды (кемiнде бес адам) адамнан және дауыс беру құқығы жоқ Тұрғын үй комиссиясының хатшысынан, кәсiподақ ұйымының өкiлдерiнен мемлекеттік орган қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен қалыптасады.
- Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кiредi: Есіл ауданының әкімі, Есіл ауданы әкімінің орынбасары, «Есіл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Есіл ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқық жұмыстары бөлімінің басшысы, «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (дауыс беру құқығы бар), аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Соғыс ардагерлері және мүгедектерімен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі, «Есіл ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары жұмысшылары мен мемлекеттік мекемелер жұмысшыларының аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы (дауыс беру құқығы жоқ).
- Тұрғын үй комиссиясын төраға - Есіл ауданының әкімі басқарады.
7. Тұрғын үй комиссиясы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылады, Тұрғын үй комиссиясының дербес құрамы Есіл аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі.
- Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
- Тұрғын үй комиссиясының негiзгi мiндеттерi мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы не мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жекешелендiру туралы заңды шешiм қабылдау болып табылады.
9. Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады:
1) жалдау (қосымша жалдау), жекешелендiру тәртiбiнде меншiгiне тұрғын үй алу не бұдан бұрын жалға (қосымша жалға берiлген) берiлген тұрғын үйдi ауыстыру үшiн өтiнiш берген үмiткерлердiң (бұдан әрi - үмiткерлер) өтiнiштерiн уақытында қарауды қамтамасыз ету;
2) үмiткерлер ұсынған құжаттарды тексеру;
3) үмiткерлер ұсынған құжаттарды қарау;
4) үмiткердiң өтiнiшiн қанағаттандыру туралы шешiм қабылдау не үмiткерге дәлелдi бас тарту туралы шешiм шығару;
5) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын жасау сұрағын қарастыру;
6) тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау сұрағын қарастыру;
7) тұрғын үйдi жекешелендiрген кезде оның құнын төлеуге шот ұсыну;
8) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемнiң мөлшерiн анықтау;
9) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан үмiткерлер және олардың жылжымайтын мүлiктерi туралы ақпарат сұрау;
10) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың комиссияның құрамына кiрмейтiн өкiлдерiн тарту;
11) үмiткерлерден түсiнiк алу;
12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет ететіндер ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезекте тұру тізімін есептен алыну немесе отбасы құрамына, санатына немесе басқа да жағдайларына өзгерістер енгізілуі туралы сәйкестендіру нәтижесі бойынша шешім қабылдау.
- Тұрғын үй комиссияның қызметiн қамтамасыз ету
- Тұрғын үй комиссиясы дауыс беру құқығы бар барлық мүшелер болған кезде айына кемiнде бiр рет отырыс өткiзедi.
- Тұрғын үй комиссиясының құрамына кәсiподақ ұйымдарының кемiнде үш өкiлi, мемлекеттік орган қызметкерлерiнiң iшiнен кемiнде үш өкiл енгiзiледi.
- Тұрғын үй комиссиясының шешiмiне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелерi қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерi Тұрғын үй комиссиясының шешiмiнде көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап бередi.
Шешiм әрбiр үмiткер бойынша жеке қабылданады.
- Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрi - хаттама) жүргiзедi. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының отырысқа қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерi хаттамада көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап бередi.
- Тұрғын үй комиссиясы хатшысының, кәсiподақ ұйымдарының өкiлдерiнiң, мемлекеттік орган қызметкерлерiнiң iшiнен шыққан өкiлдердiң дауыс беру құқығы жоқ.
- Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелерiнiң өздерiнiң ерекше пiкiрлерiн жазбаша баяндауға және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамада белгiленедi.
- Тұрғын үй комиссиясының шешiмi дауыс беру арқылы көпшiлiк дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Тұрғын үй комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
- Тұрғын үй комиссиясының отырысы Тұрғын үй комиссиясы мүшелерінің дәлелді себептерімен қатыспағандарын (жылдағы еңбек демалысы, уақытша еңбекке қабілетсіздік) қоспағанда дауыс беру құқығы бар мүшелердiң бәрi қатысқанда заңды болып саналады.
- Комиссияның қызметiн тоқтату
- Тұрғын үй комиссиясы өзiнiң қызметiн:
1)Есіл ауданы әкімдігінің таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы кезінде;
2) бұрын Тұрғын үй комиссиясына жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе басқа да кеңесші-мәжіліс органдарын құру кезінде;
3) басқа да жағдайларда, Тұрғын үй комиссиясының міндеттері дұрыс мақсатты орындалмаған кезде тоқтатады.