«Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау үшінмобильді топ құру туралы» Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №4 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
- «Карантин шаралардың сақталуын бақылау үшін мобильді топ құру туралы» Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №4 өкіміне, Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №28, 2021 жылғы 2 шілдедегі №33, 2021 жылғы 2 тамыздағы №38 және 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №45 өкімдерімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген өкімге 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу жөніндегі мониторингтік топтың жұмыс кестесі осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Н.М. Саматовқа жүктелсін.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.