КОНКУРС
«Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысы Есіл ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: "Өнер" немесе "Гуманитарлық ғылымдар" немесе "Қызметтер" мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және мамандығы бойынша басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Басшысының лауазымдық міндеттері: мәдени-демалыс ұйымының қызметін басқарады, Шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастырады, байқаулар мен фестивальдерді, халық шығармашылығы конкурстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, көркемөнерпаздар жетекшілерінің семинарларын,шығармашылық ұжымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады, әдістемелік құралдарды әзірлеу үшін білікті мамандарды тартады,сценарийлер,репертуар жасау, осы материалдарды рецензиялау және көркемөнерпаздар ұжымдарына шығармашылық көмек көрсету,біліктілікті арттыру үшін жағдай жасайды, қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді, ынталандырады, ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды сақтауын бақылайды, қызметтік құжаттардың уақытылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын, мәдениет үйінің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады, мәдениет үйінің қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуын бақылайды,шарттар жасасу және орындау, кадрларды іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Мәдениет үйін ұсынады, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді, нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің сақталуына жауап береді.
Қызметтік жалақы мөлшері: еңбек еткен жылдарына байланысты 90786 ден 110075 теңгеге дейін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу ережелеры негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде "Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ интернет ресурстарында және мерзімді баспа басылымдарында ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімдемесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Анықтама телефоны: 8 (716 47) 50019 8 (71647) 50039.
Мекен - жайы: Есіл қ. Төле би көшесі, 10 үй (орталық кітапхана корпусы)