Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ (индексі 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі 6, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-47)21-4-82, факс 8(716-47)21-9-53, электрондық мекен-жайы: esil_sup@aqmola.gov.kz) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жалдағанда файлардың максималды жіберілетің көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru,gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауданның қоғамдық-саяси партиялармен және қозғалыстармен және кәсіби кеңестермен қарым-қатынас жасау. Саяси партиялар, кәсіподақтар, қоғамдық-саяси қозғалыстармен, қоғамдық пікірдің беделді көшбасшыларына компьютерлік база деректерін қалыптастыру және үнемі бықылауда ұстау. Аумақта мемлекеттік органдардың жұмысы, азаматтардың электоралдық көңіл-күйлерін, аумақта қоғамдық пікірінің жағдайын, ішкі саясат үрдістерінің талдау және жан жақты зерделеу. Мониторингті жетілдіру бойынша әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, мониторинг сұрақтарына қатысты әдістемелік семинар тренингтерін өткізу, аналитикалық жұмыс тәжірибесін зерттеу. Жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру. Жастар саясаты сұрақтары бойынша мониторинг жүргізу. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы отбасы және гендерлік саясат комиссияларының жұмысын жүзеге асыру, отбасы және әйелдер жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламаның іске асырылуын бақылау. Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық келісімнің кеңесінің жұмысын іске асыру. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды зерттеуге бағытталған сауалнамалар жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органның негізгі қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындалуын бақылау және есепке алу, есептерді уақытылы әзірлеу. Қолданыстағы заңнамалар шеңберіндегі бөлім басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Функционалдық блок А, лауазым деңгейі 4.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары саласында, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 226131теңгеден 260564 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардың актілерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің және аудан әкімінің тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Терроризмге қарсы комиссияның мәліметі негізінде, терроризмге қарсы саланын ахуалына ықпал жасайтын саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, діни үрдістерге баға беру және болжау, мониторинг жүргізу. Діни бірлестіктермен бірігіп жұмыс атқару, аумақтың діни куәлігін құрастыру. Заңсыз қызмет еткен, діни бірлестік қызметін айқындау және алдын алу іс–шаралар жоспарына сәйкес құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас жасау. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысын ұйымдастыру. Діни мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын және бақылауын жүзеге асыру. Дін сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндірмелі тобының жұмысын ұйымдастыру. Терроризмге қарсы комиссияның аппараттық қызметін үйлестіру бойынша жинақтау жұмыстрын атқару. Терроризм салдарынан минимизация және (немесе) ажырату, терроризмді алдын алу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Терроризм салдарынан минимизация және (немесе) ажырату, терроризмді алдын алу сұрақтары бойынша нысандық жекеліктеріне қарамастан, мемлекеттік органдар мен мекемелердің мәліметтерін жинау. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Терроризмге қарсы қызметтің нормативтік-құқықтық актілерін дайындау, ортақ жоспарлар мен бағдарламалардың мемлекеттік органдарының ұсыныстарын қарастыруға енгізу. Қолданыстағы заңнамалар шеңберіндегі бөлім басшылығымен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. Функционалдық блок А, лауазым деңгейі 4.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары саласында, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы заңға сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында автономды білім беру ұйымында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдын әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде Уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмейЕсіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы: _________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________
Е-maіl: _______________________________________________________
ЖСН: ________________________________________________________
________ _______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.