«Қарапайым заттар экономикасы» (Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі) бағдарламасы аясындағы 6%-дық жеңіл несие – халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерге берілген мол мүмкіндік, зор көмек.
🔶Бұл бағдарлама аясында несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялап, қарыз жүгін азайту және банк талап еткен кепілзат жеткіліксіз болғанда – кепілдік беру қарастырылған.
⠀
Енді осы екі құралға жеке-жеке тоқталсақ:
СУБСИДИЯ. Бұл құралдың арқасында 15 пайыздық несиені 6 пайызға түсіре аласыз.
Бағдарлама бойынша субсидиялау шарттары:
▪Максимал сома: шектеу жоқ
▪Мөлшерлемесі - 6% (15%-дық сыйақы мөлшерлемесінің 9%-ын субсидиялаудың нәтижесінде)
Несие мерзімі:
▪айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін
▪инвестицияға - 10 жылға дейін
КЕПІЛДІК. Банк талап еткен кепілзат сізде жеткіліксіз болса – Қор несие сомасының 50 пайызына дейін кепіл болады.
Кепілдік беру шарттары:
Максимал сома: 5 млрд теңгеге дейін.
Кепілдік мөлшері:
▪3 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 50%,
▪5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасының 30%.
Кепілдік мерзімі: несие мерзімінен аспайды
Толық ақпаратты Қазақстанның барлық өңіріндегі Қордың филиалынан немесе ☎️1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып және online.damu.kz сайтынан анықтауға мүмкіндік бар.