"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру
"Бизнестің жол картасы 2025"бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін құрылған.
Гранттық қаржыландыру-Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 2-ден 5 млн.теңгеге дейін өтеусіз негізде беріледі. Жобаның негізгі критерийі бизнес-идеяның жаңалығы( мүгедектерге қолданылмайды), бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі және оны енгізуге дайындығы болып табылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды:
1) жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2) жалдау ақысы ретінде;
3) үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға);
4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға құқығы бар.
❌ Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;
2) салықтар және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі барларға;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;
4) мемлекеттік грант алуға өтінім берген кезде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде(халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды(ақшалай қаражатпен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) растамаған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

Мемлекеттік гранттар беруге үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурсты өткізу үшін Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі (Басқарма) гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
🔶 Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті түрде қатысуымен қалыптастырылады.
Конкурстық комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурс комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өтінімді беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (веб-портал) арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Qoldau.kz"), сондай-ақ қағаз түрінде де беруге болады.
Мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім береді, ол бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісінің веб-порталында орналастырылады;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;
4) өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
5)өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;

6) мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
7) бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған Бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан-заңды тұлға растаған);;
9) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен)болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бағалау құнын растайтын құжаттар;;
10) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат.
🔶 Өндірістік дамытуға қолдау көрсету
"Бизнестің жол картасы-2025"бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі индустриялық инфрақұрылым.

Өндірістік (индустриялық)инфрақұрылымды жеткізу-мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:
1) жобаға инвестициялар көлемі 200 (екі жүз) млн. теңгеден кем болмауы тиіс;
2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн.теңгеден кем болмауы тиіс, бұл ретте инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) ең жоғары сомасы (коммуникацияның барлық түрлеріне) 1 (бір) млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.
🔶 Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды: су бұруды, сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржол тұйықтарын, теміржол кірме жолдарын, телефондандыруды, кіші электр станцияларын, электр беру желілерін, септиктерді, бу-газ қондырғыларын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі (веб-портал) арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады. Qoldau.kz"), сондай-ақ қағаз түрінде де беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім;
2) бизнес-жоспар;
3) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі қамтылуға тиіс;
4) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: 📍 Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат, каб. 404, тел.: ☎️ 8(7162) 24-00-15, 24-00-14, 24-00-13, 24-00-16 ( Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімі).

"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі
Дата публикации
23 сентября 2021