Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингінің нәтижелері

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласын одан әрі жетілдіру мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттырудың негізі болып табылады.

2013 жылдан бастап "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасы артып,оларды электрондық форматқа көшіру жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізуді ұйымдастырады. Мұндай зерттеулерді тұрақты жүргізу көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының өзгеру серпінін қадағалауға және мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту жөнінде ұсынымдар енгізуге мүмкіндік береді.

Осы зерттеудің мақсаты көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.

Жобаны іске асыру барысында келесі негізгі міндеттер шешілді. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін салалық бағыттар бойынша мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі (ашықтығы, жағдайлардың жайлылығы) және тәртібі туралы ақпарат алынды және жинақталды. Бұл ретте, мониторинг қорытындылары бойынша алынған баллдар негізінде мемлекеттік органдар мен өңірлерді мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша саралау жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызмет берушілердің құзыреттілігі анықталды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде проблемалық мәселелер, оның ішінде әкімшілік кедергілер анықталды.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті берушілерге деген сенім және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі әлеуметтік шиеленіс деңгейі зерделенді. Сондай-ақ халықтың нақты Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде өңірлер бөлінісінде, мемлекеттік органдарды пайыздық арақатынаста алу бойынша хабардарлық деңгейі айқындалды.

Жоба шеңберінде мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингінің халықаралық практикасын зерттеу бойынша жұмыс жүргізілді және Қазақстанда қызметтерді бағалауды жүргізудің ұлттық тәсілдері біріздендірілді.

Жұмыстың нәтижесі бірыңғай әдіснаманы әзірлеу болды, оны пайдалану белгілі бір уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігінің өзгеру серпініне талдау жүргізуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, халық пен бизнеске жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жақсарту, оның ішінде оларды оңайлату, оңтайландыру, сондай-ақ оларды ұсыну мен жіктеудің бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін ережелерге, стандарттар мен регламенттерге өзгерістер енгізу арқылы практикалық имплементациялау мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің "реттелуін" айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингінің нәтижелері
Дата публикации
22 сентября 2021