ЖОБА
Есіл ауданында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: