Конкурс өткізу туралы хабарлама «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Конкурс өткізу туралы хабарлама

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

 

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

 

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2021 жылдың «13» қазаннан бастап 2021 жылдың «2» қараша қоса аралығында мына мекен-жай өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, 2 қабат, 14 кабинет.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2021 жылғы 3 қарашада сағат 10:00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, 1 қабат мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданының әкімдігінің http://zhaksy.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Жақсы аудынының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71645) 2-20-25

Конкурс өткізу туралы хабарлама «Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
Дата публикации
10 сентября 2021