Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

3-параграф. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

  1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
  2. Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.

       Эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

  1. 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

       Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

  1. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

       Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды қарап, өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.

  1. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші келісім-хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

       3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

      4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындалынуға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;

      5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;

      6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;

      7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге сәйкес келмеуі.

      Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

      Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

  1. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оны есепке алады.
  2. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі –10 (он) жұмыс күні.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші 2-ші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

  1. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның басшысына (бұдан әрі – уәкілетті орган) не уәкілетті органның басшысының блогында "Уәкілетті орган басшысының блогы" беті) беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға қосымша хатта беріледі).

      Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгінуі туралы ақпарат қол жетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. көрсетіледі

      Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол шығарылады.

  1. Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

 

 

Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен өту
қағидаларына 7-қосымша

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызмет стандарты

 

1.

Қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

 

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

 

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

 

4.

 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

 

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

 

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

тегін

 

7.

Жұмыс кестесі

1)көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;
2)порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

 

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидалардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) эскиз (эскиздік жобасы) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына сәйкес келмеуі;
4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындауға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;
5) эскиз (эскиздік жобасы) негізгі параметрлеріне сәйкес келмеуі;
6) эскиз (эскиздік жобасы) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;
7) эскиз (эскиздік жобасы) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі.

 

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

 

         




 

 

Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Дата публикации
03 сентября 2021