"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

2-тарау. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

 1-параграф. Өтініш негізінде "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мүгедектер немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектен протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу құқығына нотариаттың куәландыруын талап етпейтін сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация бөлімшесі;

      2) Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) арқылы береді.

       Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтініш талап етілмейді. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.

  1. Өтінішті қабылдау кезінде жауапты қызметкерлер:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.

      Еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер протездік-ортопедиялық көмек алуға өтініш берген жағдайда қосымша мынадай:

      1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;

      2) кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтер сұратылады.

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке қағаз жеткізгіштегі тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

       Ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде-тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

  1. Өтініш беруші Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтініш берушінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысына (бұдан әрі – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы) СМС-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабардар етеді.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша жұмыспен қамту бөлімдері бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жібереді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

       1) жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;

       2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің басшысына жіберіледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 2-параграф. "Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын ОЖБ "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін ОЖБ-ның деректері автоматты түрде "Е-Собес" Мүгедектің немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ұялы байланысының абоненттік құрылғысына жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-Собес" ААЖ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен СМС-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы СМС-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

      Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, сұрау салу жойылады және көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеудің мүмкін еместігі және жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына проактивті қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда "Е-Собес" ААЖ-ға протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу мүмкін еместігі және жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы СМС-хабар жіберіледі.
  3. Белсенді қызмет алуға келісім алған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері "Е-Собес" ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына СМС-хабарлама арқылы хабарлайды.
  4. СМС-хабарламалар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СМС-хабарламалар журналында тіркеледі.
  5. Протездік-ортопедиялық көмекті проактивті қызмет арқылы ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-да жүзеге асырылады.

 3-тарау. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Мүгедектер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірленген ОЖБ негізінде протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етіледі.
  2. Облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен жұмыспен қамту бөлімдері жыл сайын жоспарланатынның алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін "Е-Собес" ААЖ-да "Іс-шараларды жоспарлау" модулін толтырады.

      Жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" ААЖ кезегінің электрондық журналына олардың түсу ретіне қарай тіркейді.

  1. Өтінішті тіркегеннен кейін мүгедектің ОЖБ деректері "Е-Собес" ААЖ-дан порталға автоматты түрде беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының ұялы азаматтар базасында телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға оның абоненттік телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) протездік-ортопедиялық көмек берушіні авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы өнім берушіні таңдау болмаған кезде ОЖБ деректері Порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына "Е-Собес" ААЖ-мен келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының өнім берушіні Порталда таңдауы ОЖБ деректері Порталға берілген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы өнім берушіні таңдамаған кезде ОЖБ деректері Порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына "Е-Собес" ААЖ-мен келесі ай ішінде Порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
  2. ОЖБ деректерін Порталға берген күннен бастап екі ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушыда Порталда өнім берушіні таңдау мүмкіндігі бұғатталады және көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына себебін көрсете отырып, өнім берушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы СМС-хабарлама жіберіледі. Порталда өнім берушіні таңдауды жаңарту үшін қызметті алушы порталдағы жеке кабинетте "өнім берушіні таңдауды іске қосу батырмасын" басады. Өнім берушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан "Е Собес" ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, одан кейін жұмыспен қамту бөлімінің маманы алдыңғы кезектіліктің сақталуын ескере отырып, өнім берушіні Порталда қайта таңдайды.
  3. Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету ОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзімі ішінде өтінішті "Е-Собес" ААЖ-да тіркеудің бастапқы күніне сәйкес ОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      Протездік-ортопедиялық көмекті кезекті ұсынуға өтініш протездік-ортопедиялық бұйымды ауыстыру мерзімі өткеннен кейін қабылданады.

      Протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушылары мен мүгедектерін, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарды протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Қайта протездеу не протездік-ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету осы Қағидаларда белгіленген протездер мен басқа да протездік-ортопедиялық құралдарды ауыстыру мерзімдерінде жүргізіледі.
  3. Заңның 32-2-бабына сәйкес Портал арқылы протездік-ортопедиялық көмектің өнім берушісін таңдауды жүзеге асыру, сондай-ақ ОЖБ-да тағайындалған әлеуметтік оңалту жөніндегі іс-шараларға сәйкес тапсырыстың орындалуын қадағалау үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда авторизацияланады http://aleumet.egov.kz, жария шартқа электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушыда интернет ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына, халықты жұмыспен қамту орталығына немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы "Мүгедектерге тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 14 бұйрық) сәйкес көрсетілетін қызметті ұсынғаны үшін кепілдік берілген соманы жұмыспен қамту бөлімінің өнім берушіге өтеу туралы өтінішке бір мезгілде қол қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қол қойылған көрсетілетін қызмет тапсырысын Порталда рәсімдейді және өнім берушіге жібереді.

      Өнім беруші Порталда тапсырыс келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің ЭЦҚ қойылған тапсырысты қабылдау немесе протездік-ортопедиялық көмекті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

  1. Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж көрсетілетін қызметті алушылардан тапсырыстарды қабылдауды көрсетілетін қызметті алушы порталда таңдаған өнім беруші (бұдан әрі – өнім беруші) жүзеге асырады.

      Тапсырыстың сипаты мен түріне қарай өнім беруші көрсетілетін қызметті алушыны стационарлық протездеу үшін шақыру не ол болмаған кезде тапсырысты орындау қажеттігі туралы шешім қабылдайды. Стационарлық протездеуге шақыру алдын ала жіберіледі.

      Өнім беруші өзі Порталда көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек көрсету өңірлерінде протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындау үшін өлшеу жүргізе отырып, тапсырыстарды қабылдауды қамтамасыз етеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың қалауы бойынша тапсырыстар үйде қабылданады. Өнім берушінің шығуы үшін шығыстарды төлеу көрсетілетін қызметті алушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Протездеуге келген мүгедектер өнім берушіге:

      1) жолдама-емдеуші дәрігердің ұсынымы, алғашқы протездеу кезіндегі ауру тарихынан үзіндіні;

      2) рентген суреттерді;

      3) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      4) кеуде клеткасын флюорографиялық тексеру нәтижелері туралы дәрігердің қорытындысын ұсынады.

  1. Өнім беруші барлық протездік-ортопедиялық құралдарға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездеу картасын және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тапсырыс бланкісін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездік-ортопедиялық құралдарға және протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге арналған ведомості, 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған қызметтерді қабылдау-тапсыру актісін, ал стационарлық протездеу кезінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездеу тарихынан үзінді көшірмені толтырады, олар автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға жіберіледі.

      Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкісі 5 жыл сақталады, Портал арқылы қамтамасыз ету кезінде протездеу картасы және тапсырыс бланкісі мүгедектің жеке кабинетінде көрсетіледі.

  1. Міндетті түрде өлшеп көруді талап ететін дайын протездік-ортопедиялық құрал көрсетілен қызметті алушыға жеке өзіне беріледі. Өлшеп көру талап етілмейтін жағдайларда, алуға сенімхаты болса, бұйымды басқа адамға беруге жол беріледі не ол көрсетілетін қызметтік алушының тұратын жеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жіберіледі.
  2. Күрделі протездік-ортопедиялық құралдар кезектілік тәртібімен, тапсырыстар өндіріске берілген күннен бастап 45 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
  3. Ұсақ протездік-ортопедиялық құралдар осы тәртіппен, тапсырыстар өндіріске берілген күннен бастап 7 жұмыс күнінен асырылмай дайындалады.
  4. Көрсетілетін қызмет алушының өлшеп көруге келуін күту кезінде бұйымның жатып қалған уақыты протездік-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзіміне енгізілмейді.
  5. Көрсетілетін қызмет алушының протездік-ортопедиялық аяқкиімді жөндеу олардың өз қаражаты есебінен кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
  6. Протездеуге барумен, өнім берушінің медициналық стационарына жатқызумен, протездеу уақытында қамтамасыз етумен байланысты шығыстарды өнім беруші мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлейді.
  7. Жол жүру (өнім берушіге дейін және кері қарай) темір жолда – қатты плацкарт вагон, мүгедектер үшін арнайы вагон тарифі бойынша, су жолдарында – екінші класс тарифі бойынша, тас немесе топырақты жолдарда – белгіленген тарифтер бойынша, ұсынылған билеттің немесе теміржол вокзалы, автовокзал, айлақ кассасы берген анықтаманың негізінде өтеледі.

      Көрсетілетін қызмет алушыларды протездеуге жолақы төлеу жылына екі сапардан асырмай жүргізіледі. Бірінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды протездеуге ертіп жүрушілерге, сондай-ақ бандаждармен қамтамасыз етілуге құқығы бар мүгедектерге жол шығыстары бір сапарға ғана өтеледі.

 1-параграф. Протездермен қамтамасыз ету

  1. Мүгедектер шино-былғары, құрамдастырылған протездермен, қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған протездермен, оларға бейімдемелермен, тістерге арналған тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, салма башмачкалармен, таяқтармен (бір тіреуішті, көп тіреуішті), балдақтармен (шынтақ, қолтық асты), жүргіштермен (дөңгелегі жоқ, дөңгелегі бар, жүретін, екі деңгейлі, білекке тіреуіші бар, қолтық тіреуіші бар, балалар церебральды сал ауруы бар мүгедек балалар үшін және т.б.) қамтамасыз етіледі.
  2. Қолдың және аяқтың негізгі протезі берілгенге дейін көрсетілетін қызметті алушылар медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзімі 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі.

      Мүгедектер құрылғысы бар жұмыс протездерімен өздерінің қалауы бойынша бұйымның негізгі түрімен бір мезгілде қамтамасыз етіледі.

  1. Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейін, бірақ алынған күнінен бастап кемінде бір жылдан кейін ауыстырылады.
  2. Қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінің құрамындағы құрастырушы түйіндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күннен бастап кемінде 3 жылдан, мүгедек балалар үшін – кемінде 2 жылдан кейін;

      құрастырушы түйіндер мен электрондық тізе модулі бар бұйымдарды алмастыру, олар алынған күннен бастап кемінде 5 жылдан кейін жүргізіледі;

      синтетикалық шайырлар негізінде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды алынған күннен бастап кемінде 1 жылдан кейін ауыстырылады;

      кеуде безі протездерін, жетек арбаларды алынған күннен бастап кемінде 2 жылдан кейін, таяқшалар мен балдақтарды кемінде бір жылдан кейін жүргізіледі.

  1. Аяқ немесе қолдың екі протезін (негізгі және қосалқы немесе негізгі және жұмыс протезі) бір мезгілде алған көрсетілетін қызметті алушылар оларды ауыстыру кемінде екі кию мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
  2. Аяқ протездерін беру кезінде әрбір протезге жыл сайын 3 тыстан беріледі.
  3. Кеуде қуысының протездері екі іш киіммен (бюстгалтер) беріледі.
  4. Егер кию мерзімі өткеннен кейін протез жарамды жай-күйде болса және көрсетілетін қызметті алушылар келесі кию мерзімі өткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісі келмесе, оған осы кезеңге бір протезді пайдалану есебінен белгіленген санда тыстар беріледі.
  5. Протездерді, оның ішінде жаңа модельдерін мерзімінен бұрын ауыстыру, сондай-ақ оларды кию мерзімін ұзарту, жөндеу туралы, шино-былғары протездерден құрастырмалы протездерге, жаңа (заманауи) технологиялар бойынша дайындалған электрондық модульдері бар протездерге өту туралы шешімді комиссия қабылдайды және өнім беруші жасайтын тиісті актінің негізінде жүргізіледі. Комиссия өнім берушінің кінәсінен бұйымның сапасыз жасалу фактісін анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 2-параграф. Протездерге арналған аяқкиіммен қамтамасыз ету

  1. Мүгедектер ортопедиялық аяқкиімнің мынадай түрлерімен: күрделі, шамалы күрделі, протездерге және ортопедиялық аппараттарға арналған аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.

      Күрделі ортопедиялық аяқкиім аяқ 3 см-ге және одан да жоғары қысқартылғанда, паралитикалық, варустық, эквиноварустық, вальгустық, жазық вальгустық және қуыс табандық, маймақ аяқтық, шораяқтық, табанның Шопар, Гритти, Лисфранк және Пирогов әдісі бойынша кесілген тұқылы кезінде жасалады.

      Шамалы күрделі ортопедиялық аяқкиім аяқ 3 см-ге дейін қысқартылғанда, табан сүйектерінің басы үлкейгенде, ұзына бойы және көлденең жалпақ табандық, башайлар шүріппе және балға тәріздес болғанда, өкше сүйегіне темір орнатылғанда және табанның өзге де паталогиясы кезінде жасалады.

  1. Күрделі ортопедиялық аяқкиім (етіктен басқа) алған күннен бастап кемінде бір жыл кию мерзімімен беріледі:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға екі жұп (жазғы немесе қысқы);

      2) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге бір жұп көлемінде (жазғы немесе қысқы);

      3) мүгедек балаларға – екі жұп (жазғы және қысқы) беріледі.

  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға екі қолы бірдей кесілгенде не екі қолының функциялары күрт төмендегенде не омыртқа жотасы зақымданғанда, сондай-ақ жамбас-сан буындарындағы анкилоздар кезінде бүйірлік резеңкелері бар аяқкиім беріледі.
  2. Жалпы аурудан және бала жасынан болған үшінші топтағы мүгедектерге күрделі ортопедиялық аяқкиім (жазғы немесе қысқы) 50 пайыздық құн жеңілдігімен беріледі.
  3. Ортопедиялық аяқкиім дайындау технологиясында көзделгендерден тыс қызметтер мен жұмыстарға (өрнекті тігіс, микросаңылаулы ұлтан, сыздықты әрлеу, үлбірлі жылылық не басқа да жақсартылған әрлеу), дайындау жеделдігіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен көрсетілетін қызметті алушылардың, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарды және мүгедек балаларды қоспағанда, тапсырыс берушілер ақы төлейді.

 3-параграф. Протездерге арналған аяқкиіммен қамтамасыз ету

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға оларды алынған сәттен бастан кемінде 1 жыл кию мерзімімен протездерге арналған бір жұп аяқкиім беріледі.

      Мүгедек балаларға оларды алынған сәттен бастап кемінде 1 жыл кию мерзімімен екі жұп (жазғы және қысқы мауыты) аяқкиім беріледі.

  1. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге оларды алынған сәттен бастап кемінде 1 жыл кию мерзімімен протездерге арналған аяқкиімнің бір жұбы құнының 50 пайыздық жеңілдігімен беріледі.

      Үшінші топтағы мүгедектерге мұндай аяқкиім олардың өз қаражаты есебінен дайындалады.

  1. Жеңілдікпен не тегін протездеуге құқығы бар мүгедектер бір аяғы кесілген кезде белгіленген тәртіппен сау аяғына жартылай жұп аяқкиіммен қамтамасыз етіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушылар ортопедиялық немесе протездік бәтеңкелердің орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебінен етіктер дайындалады. Бұл жағдайда тапсырыс берушілерге бәтеңке жасауға көзделген сомада етіктің құнына жеңілдік беріледі.

 4-параграф. Емдеу-профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету

  1. Алып жүру мерзімі бір жылдан кем емес емдеу-профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдармен оларды алған күннен бастап:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар;

      2) мүгедек балалар қамтамасыз етіледі.

  1. Жалпы аурудан және бала жасынан болған бірінші және екінші топтағы мүгедектер, егер олар бұл азаматтарды мүгедектікке әкеп соқтырған ауруды не жарақатты емдеуге арналса, емдеу-профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдармен оларды алынған сәттен бастап кемінде 1 жыл кию мерзімімен 1 жыл пайдалану мерзімімен 50 пайыздық жеңілдікпен қамтамасыз етіледі.

 5-параграф. Өзге протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету

  1. Жейде киюге арналған құрылғы, колготки киюге арналған құрылғы, шұлық киюге арналған құрылғы, түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек), белсенді ұстағыш, ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш, қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш, кілтке арналған ұстағыш 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды.

 

"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу"

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері;
 2) Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тұрғылықты жері бойынша (бұдан әрі - жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, проактивті қызмет.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясысының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні; проактивті қызметті көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде/проактивті

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 Тегін

7

Жұмыс графигі

 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
 2) Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде, қалалақ басқармалар және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектіктен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектің сенімхаты.
 Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектің протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген жағдайда мынадай мәліметтер қосымша сұратылады:
 1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке алып келген өндірістік жазатайым оқиға туралы, кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылып бірінші және екінші топтағы мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – www.gov4c.kz.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

 

"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Дата публикации
03 сентября 2021