4-тарау. "Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1-параграф. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметті өтініш негізінде көрсету тәртібі
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі";
2) жұмыспен қамту бөлімдері.
Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтініш талап етілмейді. "Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфында көзделген.
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды алуға өтініш берген жағдайда қосымша мынадай:
1) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтер сұратылады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мүгедегі жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның куәлігін қоса береді.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке қағаз жеткізгіштегі тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылдаған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде-тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;
жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтініш берушінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысына СМС-хабарлама беру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы хабардар етеді.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша жұмыспен қамту бөлімдері бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жібереді.
1) жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің басшысына жіберіледі.
Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
2-параграф. "Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы СМС-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.
Проактивті қызмет арқылы сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарды ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.
5-тарау. Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету тәртібі
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының немесе оның заңды өкілінің телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның заңды өкіліне абоненттік телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) санаторий-курорттық емделу өнім берушісін авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өнім берушіні таңдау болмаған кезде ОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап бір ай ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына "Е-Собес" ААЖ-мен келесі ай ішінде порталда өнім берушіні таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы ОТҚ қнім берушісін таңдаған кезде алу тәсілін таңдайды: жеткізу немесе өзі алып кету.
Өнім беруші Порталда тапсырыс келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушінің ЭЦҚ қойылған тапсырысты қабылдау немесе қоймада тауардың болмауына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қарайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. Өнім беруші порталда жасалатын шартта көрсетілген мерзімдерге сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға кресло-арбаны беруді (жеткізу немесе өзі алып кету) қамтамасыз етеді.
|
" Мүгедектерді техникалық - көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу " мемлекеттік қызметтің стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі"; 2) Нұр-сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының әлеуметтік әл – ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі-қалалық басқармалар), тұрғылықты жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі-жұмыспен қамту бөлімдері); 3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 10 (он)жұмыс күні; проактивті қызмет көрсеткен кезде - келісім түскен күннен бастап – 10 (он жұмыс күні); "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады; 2) Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде - 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут; 3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде өтініш берушіге Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз / проактивті. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысына СМС-хабарлама беру арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс графигі |
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00-ге дейін. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады" ; 2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға, 19.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде: 1) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2 -; 2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектен сенімхат. Мүгедектердің еңбекте мертігуінен немесе кәсіптік ауруынан техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдарды алуға өтініш берген жағдайда қосымша мәліметтер сұратылады: 1) өндірістегі мүгедектікке әкеп соққан жазатайым оқиға туралы; 2) кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысы, мүгедегі немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адам куәлігін қоса береді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерді техникалық-көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның - www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі"; 2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы –www.gov4c.kz. Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. |