2021 жылғы 15 шілдеде Есіл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ақсай, Знаменка, Московский ауылдары, Красногорский кенті және Бұзылық, Заречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» қаулы қабылданды.
Есіл ауданының Ақсай, Знаменка, Московский, Красногорский кенті және Бұзылық, Заречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлібекова Миркен Төреғалиқызы баяндама жасады.
Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша Есіл ауданының сайлау комиссиясы Ақсай, Знаменка, Московский ауылдарының, Красногорский кенті және Бұзылық, Заречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтерінің әкімдігіне ұсынылған 25 кандидаттың ішінен 24 адам тіркелгенін хабарлады. Бір кандидат, берілген өтінішке сәйкес, тіркелгенге дейін өз кандидатурасын алып тастады.
Тіркелген кандидаттар қатарында 13 (54%) ер адам және 11 (46%) әйел адам.
Келесі мамандықтар бойынша: 1-экономикалық және қаржылық мамандық, 11- заңгерлік, 7-педагогикалық, 5-басқа мамандықтар.
Кандидаттар арасында: жұмыс істейтін әкімдер-4, мемлекеттік қызметшілер- 11, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері-8; уақытша жұмыс істемейтін қызметкер-1.
2021 жылғы 14 шілде сағат 18-ден бастап Есіл ауданының Ақсай, Знаменка, Московский ауылдары, Красногорский кенті және Бұзылық, Заречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтері әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.