Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Есіл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
  2. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жайлар шарттық негізде 2 қосымшаға сәйкес берілсін.
  3. Есіл ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № а-3/117(Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4704 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесі электрондық түрдегі жарияланған), Есіл ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы № а-3/117қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданы әімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № а-12/477 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5181 тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесі электрондық түрдегі жарияланған), қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ж.Х.Мұсабаевқа жүктелсін.

 

5.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы
Дата публикации
13 июля 2021