Ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 9 шілде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы Ақсай, Бұзылық, Заречный, Знаменка, Қаракөл, Красивинский, Красногорский, Московский сайлау округтерінде 25 кандидат ұсынылды, олардың 5(20%) – саяси партиялармен, 21(80%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.

         Саяси партиялар Ақсай, Заречный, Красивинский, Бұзылық және Красногорский сайлау округтері бойынша кандидатураларын ұсынды:

«Nur Otan» партиясы 4 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 1 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3,1 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, бұл жұмыстар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 4 кандидат тіркелген (16%).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

Ауыл әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
Дата публикации
10 июля 2021