Есіл аудандық сотының
2021 жылдың 6 айындағы жұмыс қорытындылары
Ақмола облысының Есіл аудандық сотында 2021 жылдың 6 айында 22 қылмыстық іс қаралды. 1 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.Қылмыстық істер бойынша 1 жекеше қаулы шығарылды.
2021 жылдың 6 айында 198 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 8 іс медиация тәртібінде және татуласу рәсімімен 8 іс тоқтатылды, 13 іс оңайлатылған және 49 іс бұйрықтық тәртіпте қаралды, 1 жекеше ұйғарым шығарылды.
2021 жылдың 6 айында 203 әкімшілік іс қаралды, сот қаулыларымен 162 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жазалардың келесі түрлері тағайындалды: 7 - ескерту, 88 - әкімшілік айыппұл, 64 - әкімшілік қамаққа алу, 3 - арнайы құқықтан айыру. 33 азаматқа қатысты іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Әкімшілік істер бойынша 6 жекеше қаулы шығарылды.
Сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы 260 талап арыз және 218 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсті.