Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы Заңмен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау енгізіледі. Алғашқы тікелей сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне жоспарланған. Есіл ауданында Ақсай, Знаменка, Московский ауылдары, Красногорский кенті, Заречный, Бұзылық, Қаракөл және Красивинский ауылдық округтері әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.

Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін:

1.Саяси партиялар өз мүшелерінің қатарынан. Бұл ретте саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы;

  1. Дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1% - ының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша кемінде екі кандидат ұсынуға құқылы.

Әкім лауазымына жасы 25-тен кіші емес Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Соттталғандығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауда кінәсі заңда белгіленген тәртіппен танылған адам әкімдікке кандидат бола алмайды.

Осы Заңның артықшылығы  бір адамның сол бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтындығы болып табылады.

Сайлау науқанының жалпы ұзақтығы - бір ай.

Сайлау кемінде 40 күн бұрын тағайындалады және жұмыс істеп жүрген әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын өткізіледі.

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау.
Дата публикации
30 июня 2021