Есіл аудандық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Есіл ауданы ауылдары, кенті және ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Есіл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсай ауылы әкімінің;
- Знаменка ауылы әкімінің;
- Московский ауылы әкімінің;
- Красногорский кенті әкімінің;
- Бұзылық ауылдық округі әкімінің;
- Заречный ауылдық округі әкімінің;
- Қаракөл ауылдық округі әкімінің;
- Красивинский ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы М. Әлібекова
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы И. Буцкая
Есіл қаласы
25 маусым 2021 жыл
№ 67/30