Есіл аудандық сотында есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуге қатысты азаматтарға қатысты 2 қылмыстық іс қаралды.
2021 жылдың басынан Есіл аудандық сотында есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеуге байланысты 2 азаматқа қылмыстық іс қаралды.
Сот үкімімен Есіл ауданының 2 тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен («есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, оларға қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.