Сот 12 құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік істер қарады

Сот 12 құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік істер қарады

Ақмола облысы Есіл аудандық соты  2021 жылдан бастап  ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты 12 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұшылықтар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабынының талаптарын бұзған.

Есіл аудандық сотының қаулыларымен 12 құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 5 адам әкімшілік қамаққа алынды, 7 адамға айыппұл салынды.

 

Сот 12 құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік істер қарады
Дата публикации
23 июня 2021